Қасым-Жомарт Тоқаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед
Әбделсаламмен кездесті. Мемлекет басшысы Ұйымның Орталық Азиядағы алғашқы
өкілдігі елімізде ашылғанын ерекше ілтипатпен қабылдағанын жеткізді. Президент халықаралық
аренада беделді әрі іргелі институттардың бірі саналатын Мұсылман ақсақалдар
кеңесінің елімізде жүзеге асырып жатқан маңызды жобалары мен бастамаларына
қолдау білдірді. Өз кезегінде Бас хатшы Әзербайжан мен Армения арасында бейбіт
келісім жасауға Қазақстанның ерекше үлес қосқанын атап өтті. Сөз соңында
Мемлекет басшысы Кеңестің Президенті, Әл-Азһардың бас имамы шейх Ахмед
ат-Тайебке ізгі сәлемін жолдады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Жарлығымен Мұхаммед Әбделсалам конфессияаралық диалогты және гуманитарлық
құндылықтарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі «Достық» орденімен
марапатталды.

