Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысына Қорғаныс министрі ел армиясының жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндады. Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау және инфрақұрылымды дамыту барысы жайында да есеп берді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға, Арнайы операциялар күштерін дамытуға, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берді.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

