Қ. Тоқаев Ресей Президентімен кездесті

Қ. Тоқаев Ресей Президентімен кездесті

Душанбеде ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы алаңында Қ. Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті. Мемлекеттер көшбасшылары Қазақстан Президентінің Ресейге алдағы мемлекеттік сапарын талқылады. Ол 12 қарашаға жоспарланған. Бұл кездесу екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарға тың серпін береді, деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстан мен Ресейді шын мәнінде мәңгі одақтастық, стратегиялық серіктестік және достық қарым-қатынастар байланыстырады. Көрсеткіштерге көңіл толады. Менің Ресейге жасайтын сапарымның алдында өзара сауда көлемі жоғары деңгейге жетті. Былтыр оның көлемі 28 миллиард долларды құрады. Ресей біздің экономикаға қаржы құйып отырған негізгі инвесторлардың бірі. Осы жылдар ішінде Ресей бизнесі Қазақстанға 26 миллиард доллардан астам инвестиция салды.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

– Біз Қазақстанмен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Екі ел арасындағы байланыстардың сипаты ерекше. Бұған Сіз бен біздің достығымыз ғана ықпал етіп отырған жоқ. Өйткені Қазақстан мен Ресей посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістерге бастамашы болып келе жатқаны белгілі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?