Қазақстанның «Ұлттық
ақпараттық технологиялар», ЕАДБ цифрлық
бастамалар
қоры және БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланысы одағы стратегиялық
ынтымақтастық туралы келісті. Тараптар
Орталық Азия мен Кавказ елдерінде электрондық үкіметті дамыту үшін
интеграцияланған GovStack платформасын құрады. Жобаның
мақсаты – өңір елдерінде мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын
арттыру, заманауи цифрлық порталдар арқылы азаматтардың мемлекеттік қызметтерге
қолжетімділігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, жоба Орталық Азия мен Кавказдағы үкіметтер мен қоғамдық
институттарға цифрлық трансформацияда ең жақсы білімге, ресурстарға және
құралдарға қол жеткізу үшін тиімділікті арттыруға бағытталған.