Қазақстан Президенті Қатар премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Қатар премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрін қабылдады

Ақордада қазақ-қатар қарым-қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды. Қазақстан Президенті Қатар Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрін қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды қарастырып, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қатар Сыртқы істер министрлі Мемлекет басшысына ел Әмірінің сәлемін жеткізіп, оның жуық арада Қазақстанға келетінін растады.