Қазақстан осы
маусымда 5 млн тоннаға тарта астық экспорттауды жоспарлап отыр. Ауыл
шаруашылығы вице-министрі - Азат Сұлтановтың айтуынша, елімізде бидайды сыртқы
нарықтарға тасымалдауға қатысты қандай да бір шектеулер енгізу жоспарланбаған. Жалпы
қазіргі бар астық ішкі сұранысты толықтай жауып, еліміздің азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Биылғы орақ нәтижесінде қамбаға 15,5
млн тоннадан астам бидай құйылады деп болжануда. Күзгі науқан аяқталуға жақын.
Қазір негізгі астықты өңірлерде егіннің 90% орылды.
Азат Сұлтанов, ҚР Ауыл
шаруашылығы вице-министрі:
-Маркетинг маусымы
енді ғана басталып жатыр, астық жеткілікті деп айта аламыз. Қазір біз шаруаларды
қолдау бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдадық. Яғни, азық-түлік
келісім-шарт корпорациясы арқылы олар үшін өте қолайлы форвардтық
келісім-шарттар бойынша сатып алу бағасы белгіленді. Еліміздің Қаржы
министрлігіне сұрау жібердік, қазір азық-түлік корпорациясы тарапынан тікелей
сатып алулар үшін бюджет қаражатын бөлу рәсімдері жүріп жатыр. Біз 2 жыл бойы шаруалардан астық сатып аламыз.
Астанада Kazagro-2023
көрмесі өтуде
Бұл орайда айта кетерлік жайт, елордада қанат жайған арнайы тақырыптық көрмеде агроөндірістік кешеннің және агро ғылымның соңғы жетістіктерімен танысуға болады. Биыл дәстүрлі шара әлемнің 20-дан астам мемлекетінен сала мамандарын жиды. Дені өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін ұсынған. Сонымен қатар, мұнда отандық және шетелдік өндірушілердің ең озық деген ауылшаруашылық техникасы және қосалқы жабдықтары қойылған. Мақсат – осы сала бойынша халықаралық әріптестік орнату.