БҰҰ Бас ассамблеясы аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды қабылдады

БҰҰ Бас ассамблеясы аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды қабылдады

Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығы ашылады. Бас Ассамблея тиісті қарарды бірауыздан қабылдады. Аталған құжатқа Қазақстан аймақ елдерінің атынан бастамашы болғанын айта кеткен жөн. Ұйымға мүше 152 мемлекет тең авторы ретінде қарарды қолдады. Бұл өз кезегінде бастаманың жоғары маңыздылығын және кең халықаралық консенсусін көрсетеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау көрсеткен барлық серіктестерге ризашылық білдірді. Оның пікірінше, өңірлік хаб халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?