Қазақстан Президенті БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрін қабылдады

Қазақстан Президенті БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді қабылдады. Кездесуде екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру салаларындағы ынтымақтастық әлеуеті талқыланды. Мемлекет басшысы Әмірліктердің қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктеріне тоқталып, озық технология мен инновация бағытындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне назар аударды. Президент стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты. Өз кезегінде Әмірліктердің Қорғаныс министрі бұл сапар әскери саладағы өзара ықпалдастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?