Қазақстан Еуроодаққа мұнай жеткізушілердің үштігіне кірді

Қазақстан Еуроодаққа мұнай жеткізушілердің үштігіне кірді

Қазақстан 2024 жылдың қорытындысы бойынша Еуроодаққа ең ірі мұнай экспорттаушылардың үштігіне кірді. Еліміз тәулігіне 1 млн баррельден астам мұнай экспорттады. Еуростаттың мәліметінше, Қазақстан АҚШ пен Норвегиядан кейін үшінші орынды иеленді. Ең ірі жеткізушілер тізімінде Ливия, Сауд Арабиясы, Ирак, Нигерия, Бразилия және Ұлыбритания бар. 2024 жылы Қазақстан 70 млн тоннаға жуық шикізат экспорттады. Ал биыл шетелге 70,5 млн тонна мұнай жөнелтуді жоспарлап отыр. Жалпы Қазақстан қара алтын көлемін арттыруды жоспарлап отыр. 2025 жылы 96 млн тоннадан астам мұнай өндіру көзделген. Бұл бірінші кезекте Теңіз кен орнындағы кеңейту жұмыстарымен байланысты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?