Қазақстан Бейбітшілік туралы келісім бойынша
келіссөздердің аяқталып, Ереван мен Баку арасындағы мемлекетаралық
қарым-қатынастың жандануын қолдайды.
Оқиға Армения мен Әзербайжан арасында
бейбіт келісім орнатуға, аймақтың Қазақстан және Орталық Азия мемлекеттерімен
ынтымақтастығын белсенді дамытуға, қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның
Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдауы кезінде айтты. Кездесуде сауда-экономикалық,
көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты байланысты ілгерілету
келешегі талқыланды. Қазақстан Президенті
отандық бизнестің Арменияға
тауар тасымалын 350 миллион долларға дейін ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді.

