Қазақстан экономикасына 8,3 триллион теңге қаржы
құйған 445 инвесторға құқықтық көмек көрсетілді. Ал, «Прокурорлық сүзгі»
жобасы аясында мемлекеттік органдардың инвесторларға қарсы 500 шешімі бекітілген
жоқ. Бұл туралы Президентке
еліміздің Бас прокуроры баяндады. Берік Асыловтың айтуынша, қабылданған шаралар
инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыра түсуге
мүмкіндік берді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа активтерді қайтару жұмыстары туралы
баяндалды. Биыл прокуратура органдары шетелден 205 миллион долларға бағаланған
активтерді қайтарған.
Сондай-ақ, соңғы 4 жылда 17 миллион
гектар жер мемлекет меншігіне өтті.