Қазақстан Премьер-Министрі мен ОПЕК+ бас хатшысы мұнай саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан Премьер-Министрі мен ОПЕК+ бас хатшысы мұнай саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан ОПЕК+ аясындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті. Бұл туралы республика Премьер-Министрі мұнай экспорттаушы елдер ұйымының бас хатшысымен кездесуде айтты. Олжас Бектенов әлемдік нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі ОПЕК-тің маңызды рөлін атап өтті. Атап айтқанда, ОПЕК+ шеңберіндегі мұнай өндірушілер мен экспорттаушылардың келісілген әрекеттері орын алуы ықтимал жағымсыз салдарды азайтуға және нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі. Үкімет басшысы біздің еліміз ұйымның бастамаларын қолдайтынын және басқа елдермен қатар, оның ішінде ағымдағы ерікті міндеттемелер бойынша шектеулер қабылдайтынын атап өтті. Өз кезегінде Хайтам Әл-Гайс Қазақстанның әлемдік мұнай нарығындағы маңызды рөлін, елімізде қабылданып жатқан шаралардың «қара алтын» нарығындағы теңгерімді қамтамасыз етуге әсерін тілге тиек етті. Айта кетейік, Қазақстан 2016 жылдан бері ОПЕК+ келісімінің қатысушысы. Елімізде 90-нан астам компания мұнай өндірумен айналысады.