Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуымен құттықтады. Ол 2005 жылы Мәскеуде қол қойылған. Жеделхатта Қазақстан Президенті тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалағанын және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналғанын атап өтті. Мемлекет басшысы сан қырлы ынтымақтастық алдағы уақытта да дамып, беки түсетініне сенім білдірді.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

