Қазақстанның сот реформаларын Әзірбайжан елі зерттеуге ниетті. Астанаға осы мақсатта аталған мемлекеттің делегациясы келді. Меймандар елімізде сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және Жоғары Сот Кеңесінің рөлін күшейтуге бағытталған өзгерістерге қызығушылық танытты. Сонымен қатар, кездесу барысында жергілікті судьяларды іріктеу және тағайындау, олардың кәсіби қызметін бағалау саласындағы реформалар да талқыланды. Екі елдің Жоғары сот кеңестері арасындағы ынтымақтастық мәселелері де назардан тыс қалмады. Тараптар сот ісін жүргізуді цифрландыру, сондай-ақ, өзара тәжірибе алмасуға ерекше көңіл бөлді. Олар бұндай ынтымақтастық Қазақстан мен Әзірбайжанның мемлекеттік органдары арасындағы байланысты нығайтуға сеп боларына сенімді.
Дмитрий
Малахов, ҚР Жоғары сот кеңесінің төрағасы:
- Бұндай ашық әрі өзара тиімді диалогтың орнауы сот
реформаларына Орталық Азия өңірі ғана емес, одан тысқары жерлерде де қызығушылықтың
барын айғақтайды. Жалпы Жоғары сот кеңесі ынтымақтастық құруға және сот
институттарын одан әрі жетілдіру үшін ең тиімді шаралар қабылдап, өз
тәжірибесімен бөлісуге қашанда дайын.
Санан
Гаджиев, Әзірбайжан жоғарғы соты азаматтық алқасының төрағасы, Сот-құқықтық
кеңесінің мүшесі:
- Қазақстанның тәжірибесі біз үшін өте қызықты және менің
осы елге әрбір сапарымда сот жүйесіндегі жаңа реформаларға куә боламын. Бұл өте құптарлық жағдай. Кездесу аясында бізге таныстырылған соңғы
реформа ұнады. Біз бұл реформалар діттеген мақсаттарына жетеді деп үміттенеміз.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

