Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісін ұлғайтады

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісін ұлғайтады

Қазақстанның биылғы мұнай өндірісі 96,2 млн тонна болады деп жоспарланған. ОПЕК+ ортақ келісім аясында мұнай өндіру көлемін өзгерту туралы шешім шығарды. Оған сәйкес, жыл соңына дейін қара алтын өндіру көлемі желтоқсан айында тәулігіне 137 мың баррельге ұлғайтылады. Қазіргі өндіріс тәулігіне 1,65 млн баррельді құрайды. Ал 2026 жылдан ұлғайтылған мөлшер қайта азайтылады. 2 қарашада ОПЕК+ ұйымына мүше 8 мемлекет — Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, БАӘ, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман онлайн-жиын өткізіп, нарықты тұрақтандыру мақсатында шешім қабылдаған еді. Соңғы рет мұндай түзету 2023 жылы жасалған. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?