Ең төменгі жалақы және зейнетақы: көтеру жоспарлануда

Қазақстанда ең төменгі жалақы көтерілуі мүмкін. Бүгін Мәжіліс отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мамандардың арнайы жол картасын әзірлеп жатқандығы жөнінде мәлімдеді.

Республикада ең төменгі жалақы 2 жыл бұрын айтарлықтай көтерілгенін айта кеткен жөн. Ең төменгі жалақы 28 мың 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін өскен еді. Оған мемлекеттік қазынадан 260 млрд теңге жұмсалған. Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, бұл мәселе тағы да көтеріледі. Алайда мамандар ол үшін республикадағы экономикалық жағдайды және мемлекеттің нақты мүмкіндіктерін ескереді.

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

 - Қазіргі таңда Үкімет ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін бағалауға байланысты елдің макроэкономикасына зерттеу жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша ҚР азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шаралар қабылданатын болады.

Билік басындағылар зейнетақыны көтеру мәселесін де талқылады. Премьер-Министр, биылғы жылы зейнетақымен қамсыздандыру жаңғыртылып жатқанын, жәрдемақы тағайындаудың көптеген параметрлері жетілдіріліп жатқанын атап өтті.

Мысалы, ең төменгі күнкөріс мөлшерін 54 проценттен 70 процентке дейін арттыруды қарастырады. Бұл ретте, қызметкерлердің ең төменгі өтілін – 10 жылдан 5 жылға дейін азайту көзделген.