Қазақстан-Словакия ынтымақтастығы ширап келеді

Қазақстан-Словакия ынтымақтастығы ширап келеді

Қазақстан Словакиямен су ресурстарын басқару саласында тәжірибе алмасады. Серіктестік аясында елімізде су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту мен заманауи ирригациялық жүйелерді енгізу көзделген. Бұл туралы Астанада қос елдің Премьер-министрлері Олжас Бектенов пен Роберт Фицоның қатысуымен өткен «Қазақстан – Словакия» бизнес-форумында айтылды. Тараптар инновациалық IT сектор саласындағы ынтымақтастықты да кеңейтуге мүдделі. Цифрлық экожүйеге негізделген бірлескен стартаптар қолға алынбақ. Жиында өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы әскери-өнеркәсіптік кешен сынды салаларда ұзақ мерзімді байланыстардың әлеуетті бағыттары айқындалды. Екі жақты тауар айналымы да өсіп келеді. Биыл соңғы 4 айда өзара сауда көлемі 46%-ға артты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?