Қазақстан мұнайды шетелге экспорттауды ұлғайтуға ниетті. Осылайша, егер еліміз 2020 жылы таяу және алыс шетелдерге 59 млн тоннадан астам қара алтын жөнелтсе, 2021 жылы жеткізілім санын бірнеше есеге арттыруды жоспарлап отыр. Атап айтар болсақ, өткен жылы аспан асты еліне 12 млн тонна мұнай экспортталса, биыл 20 млн тонна жіберіледі деп межеленген.
ДАНИЯР БЕРЛІБАЕВ, «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Қытай еліне мұнай Ресей Федерациясынан транзит ретінде тасымалданады. Біз 10 млн тоннадан астам қара алтынды Ресейден Қытайға транзитпен Қазақстан арқылы тасымалдаймыз. Бұл біздің экономикамызға оң әсер етеді.
Айта кетейік, 2021 жылдың қаңтар айының соңына дейін Қазақстанда 7 млн тоннадан астам мұнай өндірілген. Өз кезегінде еліміз ОПЕК+ келісімдері аясында міндеттемелерді орындауға байланысты «қара алтын» өндірісін қысқартуды жалғастыруда.
Авторы: Әсел Күшенғалиева