Ақшалай түрде бұл 4 млрд долларға тең келеді. Бұған жаңа индустриялық сауда-логистикалық хабтың құрылысы өз үлесін қосары анық. Ол қос тараптың мемлекеттік шекарасында бой көтереді. Тиісті үкіметаралық келісімге екі ел Астана халықаралық форумы алаңында қол қойды.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі:
- Бұл – біздің экономикалық тату көршілік қарым-қатынасымызды дамытуға жасалған нақты қадам, елдеріміздің бизнесі үшін үлкен серпіліс. Келісім бірнеше жылдар бойы дайындалды, егжей-тегжейлері нақтыланып, инвесторлар анықталды. Әр тараптан көптеген мемлекеттік органдар тартылды, сондықтан бұл – шынымен де тарихи оқиға.
Данияр Амангельдиев, Қырғызстанның экономика және коммерция министрі:
- Хабтың салынуы өзара сауда-экономикалық байланыстарымыздың нығаюына, екі ел арасында тауарайналымның арта түсуіне тың серпін береді деп ойлаймын. Мемлекет басшылары саудада ғана емес, өнеркәсіптік кооперацияда да әлеуетті арттыруға қатысты тапсырма берді.
Астана халықаралық форумы барысында инвестиция тарту мен экономиканы арттыруға бағытталған бірқатар келісімдерге қол қойылды.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Америка Құрама Штаттарының ғана емес, сонымен бірге бүкіл Еуропаның, Оңтүстік-Шығыс Азияның және өзге де елдердің компаниялары үйреншікті салалармен шектелмей түрлі бағыттарды қарастырды. Атап айтқанда машина жасау, өңдеу және креативті экономика салаларын Қазақстанда дамытуға мүдделілік танытты.