Қазақстанның ауыл шаруашылығына 600 млрд теңгеден астам инвестиция салынды

Қазақстанның ауыл шаруашылығына 600 млрд теңгеден астам инвестиция салынды

2021 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығына 600 млрд теңгеден астам инвестиция салынды. Бір жыл ішінде салаға салынған күрделі салымдар көлемі 50% өсті. Бұл жөнінде «Ranking.kz» хабарлады. Жалпы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы бес жылда салаға құйылған инвестиция жылына орта есеппен 24% өскен. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың негізгі элементтері – жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік қолдаудың басқа да тетіктері. Мәселен, «Аграрлық несие корпорациясы» мемлекеттік қаржы мекемесі 2020 жылдың өзінде жалпы сомасы 46 млрд теңгеге жуық 75 инвестициялық жобаны қаржыландырған. 2021 жылы 7 мыңнан астам кәсіпкер ұлттық валютада 209 миллиардтан астам қолдау алды. Қаражат көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына, техника мен ірі қара мал сатып алуға, өнеркәсіптік және отбасылық тауарлы-сүт фермаларын құруға, жылыжайлар салуға, тамшылатып суару жүйесін сатып алуға жұмсалды.

Авторы: Гүлбану Тәжібек