Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, оны Америка
Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануымен құттықтады.
Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау
бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады. Мемлекет
басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның
ұстанымын жеткізді. Президенттер екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын
сақтау мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласты.

