Қазақстан Президенті Татарстан Республикасының Раисымен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт
Тоқаев Рустам Миннихановты Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын, еліміз бен
Татарстан өңірлерінің өзара байланысын нығайтуға атсалысқаны үшін ризашылығын
білдірді. Мемлекет басшысы машина жасау, мұнай-газ химиясы және оған қажетті
бөлшектер шығару салаларында табысты ықпалдастық орнағанын атап өтті. Президент
бірлескен инвестициялық жобаларға баса мән беру қажет деп санайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- 12 қараша күні Мәскеуге мемлекеттік сапармен барамыз. Бұл екі ел қарым-қатынасындағы
айтулы кезең деп санаймыз. Ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға тың серпін
беретін маңызды құжаттарға қол қойылады. Сіздің Солтүстік Қазақстан және
Қостанай облыстарын аралап келгеніңізді білемін. Қазақстан аумағында
кәсіпорындар ашуға қатысты жоспарыңыз бар. Біз Татарстаның Қазақстандағы барлық
бастамасын қолдаймыз.

