Бұл өнімдерін басқа елдерге экспорттайтын қазақстандық компанияларға
түсетін жүктеменің азаюына мүмкіндік бермек. Сонымен қатар олардың түрлі
мемлекеттік қолдау шараларына қатысу мүмкіндіктері кеңейе түседі. Бұл
тетіктердің тиімділігін Үкіметте өткен кеңестің қатысушылары талқылады. Аталмыш
тізілімге ену үшін бірқатар талап-ережелер ескерілуі тиіс. Мәселен тиісті
өндірістік және технологиялық шарттар, конструкторлық құжаттама, өндірістік
алаңдар мен жабдықтар, білікті мамандардың болуы бұған жол ашады. Сарапшылардың
пікірінше, мұндай тәсіл отандық тауарлардың шығу тегін белгілеу тиімділігін
арттыру мен мемлекеттік қолдауды адал өндірушілерге бағыттауға және локализацияның
дамуын ынталандырады. Сонымен қатар елдегі өндірістік қуаттарды жаңғыртып, кеңейтуді
және әртүрлі тауарларға баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етеді. Премьер-министр
жаңа жүйені әзірлеуді «Атамекен» ҰКП және салалық қауымдастықтармен тығыз
ынтымақтастықта жалғастыру керектігін атап өтті. Оның айтуынша, тізілімді
мемлекеттік органдардың дерекқорларымен біріктіріп, адал бизнестің мүддесі үшін
жұмыс істеуге бағыттау қажет.