Қазақстанның мұнай саласы 2023 жылдан бастап толық қалпына келеді. Сарапшылардың айтуынша, осы уақытқа дейін елімізде жыл сайын қосымша 12 млн тонна «қара алтын» өндіріледі. «Өндірістің өсуі негізінен ірі жобаларда байқалады», – дейді Олжас Байділдинов. Маман ағымдағы нарықтық бағаларды жоғары деп санайды. Оның себебі ОПЕК+ қатысушы елдердің мұнайды белсенді өндіруінде. Олардың ішінде картельге кірмейтін өндірушілер де бар.
Олжас Байділдинов, мұнай-газ саласының сарапшысы:
- Көктем мен жаздан бастап Қазақстан өндірісті ұлғайтуда. Үкімет пен тиісті министрліктің күш-жігерінің арқасында Қазақстан өз позициясын сақтап қалды. Енді біз Ресеймен бірге өндірісті ұлғайтып жатырмыз. ОПЕК+ оған келісті. Қазақстан инвестицияларды қабылдауға ғана емес, оларды әлемдік аренада қорғауға да дайын, бұл – өте жағымды фактор.
Сонымен қатар сарапшы нарықтың кез келген уақытта құлдырауы мүмкін екенін атап өтті. Оның пікірінше, қазіргі әлемдік сұраныс жағдайында комфорттық деңгей баррель үшін 60 доллар болуы керек.
Олжас Байділдинов, мұнай-газ саласының сарапшысы:
- Бізге фантастикалық кірістер түседі деп айту қиын. Қазір 2019-2020 жылдарға қарағанда мұнайды аз өндіреміз. 2020 жылмен салыстырғанда сәл көбірек, бірақ 2019 жылмен салыстырғанда аз. Сондықтан біздің мұнайымыз қалпына келді, өткен жылдардағыдай кірістер мен салықтарға дайын деп айту дұрыс емес. Бүгінде 2019 жылға қарағанда 5-6% аз мұнай өндіреміз.