Қазақстан мен Сингапурдың тауар айналымы артты

Қазақстан мен Сингапурдың тауар айналымы артты

Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы жүйелі түрде өсіп келеді. 2021 жылы ол 1 млрд АҚШ долларын құрады және биыл 3 есе өсім күтілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартысында ғана екіжақты сауда көлемі 926 млн АҚШ долларына жетті.

Күні кеше Қазақстан-Сингапур іскерлік кеңесі ресми іске қосылды. Бұл бизнес-қауымдастық құрамына CPG International, Kusto Group және басқа да ірі компаниялар кіреді және ол екі ел арасындағы сауда мен инвестицияларға, іскер топтардың екіжақты іскерлік ынтымақтастығының байланыстырушы буыны мен катализаторын құруға жәрдемдеседі, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Екі ел Елшіліктерінің қолдауымен кеңестің іскерлік қызметі сауда мен инвестицияларды ғана емес, туризм мен басқа да бастамаларды ілгерілетуге және дамытуды кеңейтуге бағытталатын болады.