Қазақстан мен Ресей өңірлері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық
әлеуетін, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мүмкіндіктерін іске асыру. Бұл
тақырыптар Уфадағы форумда талқылануда. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік
органдары мен бизнесінің 400-ден астам өкілі қатысуда.
Қайрат
Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
-
Өңірлер
өзара іс-қимыл жасайтын арнайы алаң болған жоқ. Аймақтар - бұл әр ел экономикасының
құрамдас бөлігі. Сондықтан, осы тұғырнама өңірлер арасында диалог орнатуға
бағытталған. Бұл арқылы бауырластық қатынастар мен, ынтымақтастық дами түседі.
Мәселен Башқұртстан Ақтөбе облысына, сонымен қатар Қазақсстанның өзге де
аймақтарына қаржы салуды жоспарлап отыр.
Радий
Хабиров, Башқұртстан Республикасының Президенті:
-
Башқұртстан
Республикасында инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Атап
айтқанда преференциялық аймақтар, ерекше экономикалық аумақтар және салық
жеңілдіктері қарастырылған. Бұл шаралар тартылған қаражат қауіпсіздігі мен
тиімділігіне, оның ішінде біздің қазақстандық серіктестеріміз үшін де
бағытталған.
Отандық
кәсіпкерлер серіктестіктің ең перспективалы бағыттары ретінде машинажасау,
химия саласы, құрылыс материалдарын өндіру, жеңіл өнеркәсіп және АӨК атап өтті.
Айта кетейік, форумға жоғары деңгейде ерекше мән беріледі. Оның жұмысына
Қазақстан мен Ресей көшбасшыларының қатысуы жоспарланып отыр. Тараптар
өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасына қол қоюға ниетті. Ол 12 саладағы 140-қа жуық іс-шараны қамтиды.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

