Қазақстан мен Ресей Парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қой қойды. Сонымен қатар, ел Сенатының аппараты Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің аппараты өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Отандық Жоғары Палата спикері мен көрші мемлекеттің Федерация Кеңесінің төрағасы кездесу барысында парламентаралық байланысты әрі қарай жандандыруды көздейтін әлеуетті салаларға назар аударды. Сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіптік кооперация, туризм, цифрландыру және басқа да басым бағыттар бойынша қос ел депутаттарының алдағы өзара іс-қимылының міндеттері белгіленді. Сондай-ақ, тараптар өңіраралық байланыстарды кеңейту бірлескен жұмыстың басым бағыттарының бірі екенін айтып, халықаралық қатынастар жүйесінде іргелі рөл атқаратын білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту жөнінде де сөз қозғады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Ресей – Қазақстанның негізгі
саяси және экономикалық серіктесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы
Тоқаев атап өткендей, елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас берік және мызғымас
достықтың үлгісі. Ынтымақтастықтың барлық салаларда өзара іс-қимылдың дәйекті
және тиімді дамуы осындай қатынастың дәлелі екені сөзсіз. Сіздің Қазақстанға сапарыңыз
бұның лайықты жалғасы ретінде парламентаралық ынтымақтастықтың жоғары серпінін
сақтауға өз септігін тигізеді деп сенеміз.

