Қазақстан Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия мен араб мемлекеттерінің
туристері үшін тартымды елге айналып келеді. Оларды көбіне еліміздегі тау
шаңғысы курорттары, белсенді демалыс орындары мен тарихи мекендер және қазақ
халқының ұлттық мәдениеті қызықтырады. Қазақстан өз қонақтарына туризімнің сан
түрін ұсынады. Елімізге аяқ басқан жиһанкездер қалауына сай іскерлік,
экологиялық, медициналық және отбасылық бағыттарды таңдай алады. Соңғысы
шетелдіктер арасында сұранысқа ие. Бұл туралы Астанада жыл сайынғы халықаралық
туризм форумында сала өкілдері айтты. Олардың пікірінше, жаңа бағыттар туристік
ағынның тұрақты өсуі мен Қазақстанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін
арттырудың құралы бола алады. Салалық министрлктің дерегінше, 2025 жылдың
бірінші жартыжылдығында елімізге 7,5 млн саяхатшы келген. Қазақстанды демалыс
орны ретінде көбіне Қытай, Үндістан, Түркия, Германия және Оңтүстік Кореяның азаматтары
таңдайды. Тайлықтардың да елімізге қызығушылығы артып келеді.
Канчана Синг-Удом, Тайландтың туристік басқармасының
өңірлік директоры:
- Қазір тайлықтар арасында Қазақстанға саяхат жасау
танымал болып келеді. Оларды елдің әсем табиғаты қызықтырады. Әсіресе қыс
мезгілін жиі таңдайды. Мемлекеттер арасында тікелей әуерейстері бар және
визасыз режим қолданылады. Біздің азаматтар Қазақстан туралы жергілікті
халықтың қонақжайлығы мен ерекше табиғат көріністеріне тәнті болған танымал тайлықтардан
естиді. Олар әсерлерімен әлеуметтік желілерде бөліеді. Бұл Қазақстанға саяхат
жасауға шабыттандырады.
Ер-Әлі Тілеуов, Астаналық туроператорлар кеңсесінің жетекшісі:
- Біз үшін Қытай, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері
сынды алып нарықтармен жұмыс істеу маңызды. Бұл қатарға Моңғолия елінде қосуға
болады. Соңғы кездері туристердің еліміздің Маңғыстау өңіріне қызығушылығы
артып келетіні байқалады. Бурабай қурорты да үлкен сұранысқа ие. Жалпы Қазақстанның
туристік тартымдылығы артып келеді. Бұл ретте Жапонияны ерекше атап өтуге
болады.

