Жыл басынан бері жергілікті әкімдіктердің қазынасы
шетелдіктерден туристік жарна есебінен түскен 314 миллион теңгеге толықты.
Еліміздің мәдениет және спорт министрілігінің мәліметінше, бұл ретте Алматы
қаласы көш бастап тұр. Оңтүстік шаһардың
үлесіне жалпы соманың 86% немесе 270 млн теңге тиесілі. Екінші орын шетелдік
қонақтардан 37 млн теңгеден астам туристік жарна жинаған елорданың еншісінде. Айта
кетейік, бұл – еліміздің қонақ үйлерінде болған әрбір тәулік үшін туристерден
алынатын төлем. Жергілікті атқарушы
органдардың бюджетіне түсетін қаржы туристік инфрақұрылымды дамытуға,
аумақтарды абаттандыруға, туристік мүмкіндіктерді ілгерілету бойынша
іс-шараларды іске асыруға бағытталады. Яғни, ел өңірлеріне келетін саяхатшылар
ағынын артыруды ыныталандырады. Қазір бұл тәжірибе әлемнің 50 елінде сәтті
қолданылып келеді. Сондықтан, туристер үшін таңсық емес.