Уфада Қазақстан мен Ресейдің кезекті өңіраралық ынтымақтастық форумының қорытындысы бойынша екіжақты ондаған келісімге қол қойылды. Әріптестік аясын кеңейтуді көздейтін алғашқы ымыралардың бірі Павлодар және Новосібір облыстары арасында жасалды. Аймақтар алдағы үш жылда 10 бағыт бойынша, оның ішінде кәсіпкерлік пен агроөндірістік кешен салаларында серіктестікті нығайтуға ниетті. Бұл екі елдің де экономикалық өсіміне қосымша серпін береді, дейді мамандар. Бүгінде Павлодар өңірінің жалпы тауар айналымының үштен бірі Новосібір және Омбы облыстарына тиесілі.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
- Әріптестік құрғандардың бәрі бірдей ірі бизнес емес. Бұл ретте шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі басым. Тығыз байланыс орнатқан сауда желілері де бар. Оның ішінде аграрлық өнімдерді жеткізу бойынша ірі меморандумдар жасалды. Жеткізу тізбегі де жақсы жолға қойылған. Біздің облыстың көкөніс өсірушілері көрші ел өңірлеріне үлкен көлемде қызанақ, қияр жеткізеді.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов.

