Қазақстан мен Өзбекстанды жаңа темір жол байланыстыратын болады. Қазір ұзындығы 152 шақырымды құрайтын Дарбаза-Мақтаарал темір жол желісінің құрылысы жүріп жатыр. Инвестициялық жобаның құны 286 млрд теңге. Отандық теміржол магистральінің операторның хабарлауынша, оның аясында қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасында жаңа өткізу бекеті ашылмақ. Яғни, Қазақстанның экспорттық тасымалдарын ұлғайтып транзиттік әлеуетін өсіруге мүмкіндік береді. Бұл ретте айта кетерлігі, былтыр тараптардың жүк тасымалы 31 млн тоннаға жеткен. Негізгі ағыны «Сарыағаш» мемлекетаралық торап станциясы арқылы өтеді. Жаңа шойын жол оның жүктемесін азайтуға септеседі. Ал, жүк көлемін кемі 14 млн тоннаға дейін арттырады деп күтілуде. Аталған ірі инфроқұрылымдық жобадағы жергілікті қамту үлесі 85% құрайды. Қазақстан Президенті тапсырмасымен қолға алынған жаңа темір жол желісін 2027-ші жылы іске қосу жоспарланған.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

