Еуразиялық экономикалық одақ үшінші елдермен еркін сауда аймағын одан әрі кеңейтуге ниетті. Қазірдің өзінде Вьетнам, Иран, Сербия және Сингапурмен арадағы алыс-берісте кедергіні жою бойынша байлам жасалды. Енді Мысыр, Израиль және Үндістан елдерімен де осы бағытта келіссөз жүргізілуде. Сонымен қатар алдағы уақытта Индонезия мен Моңғолия нарығы да зерттелмек. Егер аталған елдің барлығымен сауда бойынша ортақ мәміле жасалса, шамамен 2 млрд тұрғыны бар нарықта еркін сауда аймағы құрылады. Бұл елдердің жалпы ішкі өнімі 5 трлн долларға тең.
Айта кету керек, қазір Еуразиялық экономикалық одақтың ЖІӨ 750 млрд доллар шамасында. Соның өзінде биыл Одақтың үшінші елдермен тауар айналымы 13% өсіп, 830 млрд долларға жетті.