2025 жылы сауда саласына инвестиция 1 трлн теңгеден асты

2025 жылы сауда саласына инвестиция 1 трлн теңгеден асты

Былтыр Қазақстанның сауда саласына 1,2 трлн теңге инвестиция құйылған. Ал тауар айналымы шамамен 9% ұлғайып, 80 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Қазақстан Президеніне есеп берген Сауда және интеграция министрі айтты. Арман Шаққалиевтің дерегінше, өткен жылы ІЖӨ 19% жуығы сауда-саттыққа тиесілі болған. Елімізде электронды сауда да дамып келеді. 2025 жылы оның көлемі 4 трлн теңгеге таяды.  Бұл – бөлшек сауданың 15%  тең. Қазақстан бойынша 10 логистика орталығынан тұратын желі қалыптасты. Мемлекет басшысына ЕАЭО аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде де айтылды. Одақ құрылғаннан бері 70 сауда кедергісінің 69-ы жойылды. Келіссөздер нәтижесінде еліміздің бірқатар мәселеге қатысты ұстанымы ескерілді. Оның қатарында отандық кәсіпорындарға демпингке қарсы баж салығын төлемей, кейбір тауар түрлерін кіргізуге квота беру секілді маңызды мәмілелер бар. Президент ведомствоға заманауи сауда экожүйесін қалыптастыру, отандық өндірістің өсуіне қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Бұдан бөлек тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты қорғау, экспорттық әлеуетті нығайту, сондай-ақ елдің экономикалық мүдделерін ілгерілету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

– Министрліктің басым міндеттерінің бірі шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайту. Жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік нарықтағы тұрақсыз жағдайға қарамастан шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспорты 41 млрд АҚШ долларына жетіп, өсім көрсетті. Экспорттаушыларды қаржылай қолдау айтарлықтай кеңейіп келеді. Сақтандыру 1,2 трлн теңгеге дейін артты. Ал қолдаудың жалпы көлемі екі есе өсті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?