Қазақстан Президенті макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған
кеңес өткізді. Онда азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін
төмендету шаралары қаралды. Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың табысын жақсартуда
саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті. Президент экономиканы орнықты
дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуі керек
екенін айтты. Кеңеске Премьер-министр, Президент Әкімшілігінің басшылығы,
Ұлттық банктің төрағасы, бірқатар агенттіктің жетекшілері мен Үкімет мүшелері
қатысты.

