Қазақстан Президенті Мәскеуде бірқатар кездесу өткізді

Қазақстан Президенті Мәскеуде бірқатар кездесу өткізді

Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Венесуэла Президенті Николас Мадуро кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Венесуэланы еліміздің маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Осы орайда Николас Мадуроны өзара ықпалдастықты талқылау үшін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Әңгімелесу барысында экономикалық қарым-қатынасты дамытуға, әсіресе энергетика саласындағы ынтымақтастыққа мән берілді. Кездесу қорытындысы бойынша сауда-саттықты жандандыру мақсатында экспортқа лайық өнімдердің тізбесін әзірлеу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.


Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен де кездесті. Тараптар мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, көлік-логистикада ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстан Президенті бизнес қауымдастық өкілдерінің өзара сапарларын ұйымдастырып, экономикалық ықпалдастыққа тың серпін беруді ұсынды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен де келіссөз жүргізді. Мемлекеттер басшылары бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға қос тарап та бейіл екенін растап, екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелерді Сербия Президентінің биыл Астанаға жоспарланған сапары кезінде талқылауға келісті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?