Қазақстандық саумал, шокалад пен Алматының апорты Индонезия нарығына шығуы мүмкін. Елордада өткен Индонезияның
жазғы фестивалі аясында қос елдің кәсіпкерлері бірқатар келісім жасасты. Оңтүстік Азиядағы мемлекеттен елімізге азық-түліктің
жаңа түрлері жеткізілетін болады. Екі жақты алыс беріс көкжиегі тамыз айында
тағы кеңінен талқыланады. Бұл жолы тараптар
Индонезияда бас қоспақ.
Бектас Медгатов, Азық-түлік импорты бойынша компанияның бас директоры:
- Индонезия бизнесмендерімен екі жақты өнім түрлерін кеңейту бойынша әңгімелесудің тамаша мүмкіндігі туды. Біз биыл құрылған қазақстандық компаниямыз. Индонезиядан азық-түлік түрлерін импорттаймыз. Алдағы уақытта өзімізде жылдам дайындалатын индонезиялық кеспе шығаратын зауыт салуды жоспарлап отырмыз.
Өткен жылы Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауарайналым 700 млн долларды құраған. Ал, биыл бұл көрсеткішті арттыруға тиісті барлық шаралар жасалуда. Жыл соңына дейін екі жақты сауда-саттық көлемін 1 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр.
Мохамад Фаджрул Рахман, Индонезияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
- Ағылшын тілінен Қазақстаннан көбіне алоя экспортталады. Ад сіздердің елге негізінен кофе мен пальма майы жеткізіледі. Қазіргі таңда экономика мен мәдениетті қатар дамыту маңызды. Елдер арасында цифрлық диолог құру керек. Ол үшін Фильм мен музыка және ойындарымызбен алмасу қажет деп санаймын.
Екі ел азаматтарының барыс-келісін
жандандыру жоспарда. Өткен мамыр айынан Балиден Инчхон арқылы Алматыға тікелей
әуе рейсі ашылды. Жыл сайын 10 мыңға жуық Қазақстандық Индонезияға сапар
шегеді. Негізінен Бали аралдарына саяхаттайды. Осы ретте қазір екі ел өзара
визасыз режимге оралу мәселесін қарастырып жатыр.