Қазақстан мен Қытай Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуда

Қазақстан мен Қытай Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуда

Қазақстан мен Қытай темір жол тасымалы, логистика, жұмыс барысын цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді. Бұл туралы тараптар Бейжіңдегі Халықаралық темір жол одағының XII конгресі аясында уағдаласты. Біздің еліміз бен Аспан асты елі өз ниеттерін өзара келісіммен бекітті. Әріптестіктің негізгі бағыты Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту.

Нұрсұлтан Ибраев, «ҚТЖ» ҰК PR-менеджері:

- Келісімге қатысушылар Қытаймен көлік-логистикалық байланысты нығайту «Қытай-Еуропа» бағыты бойынша тасымалды дамытуға жаңа серпін беретініне сенімді. Және Транскаспий халықаралық көлік бағытының тартымдылығын арттыру Қазақстанның еуразиялық кеңістіктегі маңызды транзиттік хаб ретіндегі стратегиялық рөлін күшейтеді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?