Қазақстан мен Қытай энергетика саласында 8 құжатқа қол қойды

Қазақстан мен Қытай энергетика саласында 8 құжатқа қол қойды

Энергетика - Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің негізгі қозғаушы күші болып қала бермек. Тек енді тараптардың осы саладағы байланысы технологиялық тұрғыдан бай экожүйеге бағыт алды. Яғни, қос ел цифрлық трансформациялау және киберқауіпсіздік салаларында бірлескен жобаларды дамытуға басымдық береді. Елордада «Орталық Азия – Қытай» алғашқы өңірлік энергетикалық форумында осының қамында бірқатар екі жақты ынтымақтастық құжатына қол қойылды. Сондай-ақ, жаңа келісімдердің  аясында «жасыл» энергетиканың әлеуетін кәдеге жарататын тың бастамалар қолға алынады. Айта кетейік, қазірдің өзінде аспан асты елі компанияларының қатысуымен жаңартылатын энергия бойынша бізде 30 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың жалпы қуаттылығы 1700 МВт таза энергия өндіруге қауқарлы болмақ.

Цифэн Цзюй, Powerchina компаниясы бас директорының орынбасары /Қытай/:

- Арадағы келісім өзара ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікті дамытуды көздейді. Біз әлем бойынша «жасыл» энергетика саласының озық үлгідегі жабдықтарын жеткіземіз. Қазақстанмен осы бағытта байланыс орнатқанымызға біраз жыл болды. Жаңа уағдаластық өндірісті жергіліктендіру, ғылыми-зерттеу орталығын құру, сондай-ақ, көміртексіздендіру қорын іске қосу бойынша ынтымақтастығымызды одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді. Ол негізінен осы елдің аумағында баламалы қуат көздерін дамытуға қатысты.

Жалпы форум барысында барлығы саланы дамытуға арналған екі жақты 8 құжатқа қол қойылды. Шикізатты терең өңдеу үшін технологиялық серіктестік құру бойынша ортақ ірі өндірістік жобалар іске асырылады. Мәселен, елімізде жылына шамамен 2 млрд текше метр газ өңдіретін көмірхимиялық және карбамид өндіретін зауыттар салу бойынша келісімдер жасалды. Қазақстан – Қытай мұнай құбырларын кеңейту көзделіп отыр.

Ерлан Әқкенженов, ҚР Энергетика министрі:

- Біз Шымкент мұнай өңдеу зауытының екі есе, дәлірек айтсақ 12 млн тоннаға дейін кеңейту бойынша келісімге келдік. Бұл болашақта жанармай жетіспеушілігінің болмайтынына кепілдік береді. Біз газ саласынды нығайтуды жалғастырып жатырмыз. «QazaqGaz» және CNPC серіктестерімізбен бірлескен «Солтүстік-1» жобасын қолға алдық. Бұл біздің кәсіпорындарымызға энергия ғана емес, сонымен қатар жаңа экспорттық мүмкіндіктер береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?