Мемлекет
басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды, сонымен қатар православ қауымын
Пасха мерекесімен құттықтады. Қасым-Жомарт
Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға,
жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес
қосып келе жатқанын атап өтті. Президент
митрополит Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл оның бейбітшілік пен келісімді
нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.

