Қазақстан мен Қырғызстан қар барысын бірлесіп сақтайды

Қазақстан мен Қырғызстан қар барысын бірлесіп сақтайды

Қазақстан мен Қырғызстан елдері қар барысын бірлесіп сақтайды. Тараптар осы бағытта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған құжат Тянь-Шань тауларындағы қызыл кітапқа енген жыртқышты және оның мекен ететін жерлерін сақтау бойынша бірлескен шараларды қамтиды. Оған екі елдің ерекше қорғалатын төрт табиғи аумағы кіреді. Яғни, Қазақстандағы «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық паркі, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, Іле-Алатау ұлттық паркі және Қырғызстан тарапынан «Чон Кемин» мемлекеттік табиғи паркі шектесетін аумақтарда қар барсы қорғалмақ.


Нұркен Шәрбиев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі:


- Бүгінгі таңда Қазақстанда қар барысының көбею үрдісі байқалады. Аталған аңды зерттеу мен қорғауға бағытталған бірлескен іс-шаралардың арқасында 2019 жылдан бері оның елдегі саны 20% астам өсті. Бұл меморандум жаһандық маңызы бар жыртқыш түрін сақтау үшін елдеріміздің арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Алдағы жылдары тараптар қар барысына, оның мекендейтін жерлеріне және азық қорына мониторинг жүргізу бойынша бірқатар бастаманы іске асырады деп жоспарлануда. Еске салайық, бұл еліміздегі ең ірі жыртықыш аңдардың бірі. Қазір республика аумағын 180-нен астам қар барысы мекендейді.

Жеңіс Ермұқанов 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?