Қазақстан мен Куба ынтымақтастық әлеуетін талқылады

Қазақстан мен Куба ынтымақтастық әлеуетін талқылады

Қазақстан мен Куба цифрландыру, медицина және фармацевтика бағытында ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті. Қасым-Жомарт Тоқаев Куба Вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен іскерлік және мәдени-гуманитарлық қатынастарды тереңдету мүмкіндіктерін қарастырды. Мемлекет басшысы ЕАЭО жиындарына қатысқаны үшін мәртебелі мейманға ризашылығын білдіріп, форум күн тәртібінің өзектілігін атап өтті. Қазақстан Президенті экономиканың негізгі салаларын цифрландыру және АІ технологияларын енгізу шаралары туралы мәлімет берді. Осы орайда, еліміз электрондық үкіметті дамыту тәжірибесін бөлісуге, әзір екенін растады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?