Қазақстан мен Катар агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Осылайша, Ақмола облысында астық өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр. Бірлескен кәсіпорынның құны 200 млн долларға тең келеді. Бүгінде оның тұжырымдамасы мен серіктестік шарттары пысықталуда, деп хабарлады Премьер-Министрдің сайты. Жалпы, тараптар екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуге және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Айта кетейік, өткен жылы республика экономикасына салынған Катар салымдарының көлемі 3 есеге өсті. Тауарайналымының 10 айдағы көрсеткіштерінде де осындай өсім байқалады.