Қазақстан өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге және
шикізатты терең өңдеу, озық үлгідегі өнім шығару және жоғары технологиялық
өндірістерді дамыту жөніндегі жобаларға инвестиция тартуды көздейді. Екатеринбургтегі
Иннопром XVI Халықаралық өнеркәсіп көрмесінде Қазақстанның премьер-министрі
Олжас Бектенов еліміздің өндірістік әлеуетін таныстырды. Инвесторлар үшін
мемлекеттік қолдау шаралары, салықтық және кедендік преференциялар, Altyn Visa
арнайы визалық режимі және «бір терезе» қағидаты бойынша жобаларды сүйемелдеу қарастырлған.
Сондай-ақ өнеркәсіпті цифрлық жаңғыртуға айтарлықтай көңіл бөлінеді. Делегаттар
атап өткендей, көрме жаңа серіктестер іздеу, іскерлік байланыстарды нығайту
және халықаралық өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың дәстүрлі алаңына айналған.
Олжас Сапарбеков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:
- Стенд тұжырымдамасы шикізаттан бастап дайын бұйымдарды,
соның ішінде халық күнделікті тұтынатын тауарлар өндірісіне дейін қамтиды. Тау-кен
металлургия өндірісі, машина жасау саласы тәрізді ірі кластрелерден бастап, құрылыс
материалдарын өндірушілер, жеңіл өнеркәсіп, электротехника жасау тәрізді басым
бағыттардың барлығын қамтыдық, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру, тау-кен
металлургия саласындағы мамандар үшін еңбек жағдайын оңтайландыру, сондай-ақ
медициналық бағытта қызмет ететін адамдарға тікелей көмек көрсететін және
қызмет сапасын жақсартатын бірқатар цифрлық шешімдерді ұсынып отырмыз.

