Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапары стратегиялық мәнге ие, ол елдердің екіжақты әріптестігін одан әрі нығайтуға бейілдігін көрсетеді. Бұл туралы отандық сарапшылар айтып отыр. Осы сапар аясында қол қойылған Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастарды жан-жақты қамтитын стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне көтеру туралы декларацияның тарихи маңызы бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ол елдер арасындағы сенімнің мызғымастығын танытып, өзара іс-қимыл үшін үлкен әлеует ашатынын атап өтті. Қүжат бүгінде саясаттанушылармен кең талқыланып жатыр. Олардың пайымынша, қазіргі жылдам өзгеріп жатқан әлемде декларация өте маңызды құжатқа айналмақ. Сарапшылар ол ынтымақтастықты сапалы әрі мазмұнды деңгейге көтереді дейді.
Әлішер Тастенов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас
сарапшысы:
- Декларация - біздің стратегиялық ынтымақтастығымыздың
көрнекі мысалы деуге болады. Ол алдағы өзара іс-қимылға бағыт-бағдар сілтейді.
Яғни, ортақ даму жоспары. Құжат өзара қарым-қатынастарды тереңдетуге бағдарланған.
Болашақтаа кез келген экономикалық, саяси жағдайдың өзгеруіне деген сенімді
білдіреді. Қазіргі таңда су мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері басымдықта
тұрғанын білеміз. Бұл ортақ міндеттер тек Ресей мен Қазақстанды ғана емес,
Орталық Азия елдерін де алаңдатып отыр.

