Жаңа конституция - Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының негізін қалайды

Жаңа конституция - Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының негізін қалайды

Қазақстан елді одан әрі үдемелі дамытуға бағытталған ауқымды өзгерістердің алдында тұр. Бұны Сенат төрағасы Жоғарғы Палата Бюросының отырысында айтты. Мәулен Әшімбаев жаңа Конституция жобасы азаматтардың, қоғамдық институттар мен саяси партиялар және заңгерлердің ұсыныстары негізінде әзірленгенін атап өтті. Нәтижесінде елдің бүкіл саяси жүйесінің тиімділігі, ашықтығы мен белсенділігі артады. Сенат спикері бұл еліміздің ұзақ мерзімді дамуының негізін қалайтынын алға тартты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен конституциялық реформалар жүргізіліп жатқаны белгілі. Бұл бастама ауқымды жаңғыру стратегиясының маңызды бөлігі. Осы үлкен жұмыстың аясында Ата заңымыздың түбегейлі жаңа жобасы дайындалып, оның мәтіні жарияланды. Жаңа Конституция азаматтардың, қоғамдық институттардың, саяси партиялардың  және заң саласының мамандарының ұсыныстары негізінде әзірленіп, арнайы  Комиссия отырыстарында транспарентті және мазмұнды талқылаулардан өтті. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?