Қазақстанда геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда таяудағы үш жылда геологиялық барлауға қатысты 20 ірі жоба жүзеге асырылады.  Бұл мыс, алтын, қорғасын, мырыш, сирек жер элементтері, барит, боксит кен орындарын анықтау бойынша әлеуеті жоғары алаңдар. Жобаларға жерді қашықтан зондтау деректерін талдау, аэрогеофизикалық және геохимиялық зерттеулер, далалық жұмыстар кешені кіреді. Жоспарға сай 100 мың шаршы шақырым жалпы алаңда 1:50.000 масштабты геологиялық түсірілім жүргізіледі. Бұл заманауи тәсіл геологиялық болжамдардың дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы аз зерттелген шөгінді бассейндер аумағында сейсмикалық барлау жүргізіп, геологиялық инфрақұрылым құруға 240 млрд теңге бағытталды. Сондай-ақ, зертханалық-талдамалық базаны жаңғырту және геологиялық деректерді цифрландыру көзделуде. Бұның бәрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағын геологиялық зерделеуді заманауи барлау әдістерімен қамтуды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде жүзеге асырылмақ.

Дамир Кубенов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геология комитеті төрағасының орынбасары:

- Геологиялық болжау жұмыстарының сапасын арттыру, болжамды ресурстарын нақтылау, сондай-ақ елдің миниралдық шикізат базасын толықтыру мақсатында 2026 жылы жер қойнауын  неғұрлым толығырақ 50 мыңдық маштабта геологиялық зерттеуге кірісу жоспарлануда. Осы маштабта жер қойнауын геологиялық зерттеу халықаралық тәжірибенің кең таралғанын білеміз. Аймақтық толығырақ қартаға түсіру перспективалы аумақтарды анықтау, геологиялық және инвестициялық тәуекелдерді азайту және кейіннен геологиялық барлау мен пайдалы қазбаларды өндіруге жеке инвестицияларды тарту үшін базалық негіз болып табылады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?