Қазақстан мен Франция музей ісіндегі өзара ынтымақтастық аясын кеңейтуде. Жақында отандық мұражай мамандары францияның жетекші орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болмақ. Бұл жөнінде Астанадағы франко-қазақстандық музей форумына арнайы келген француз делегациясының өкілдері мәлімдеді. Штелдік сарапшылар бұған дейін Алматы музейлерінің жұмысымен танысты. Франциялық мамандар қазақстандық әріптестерімен бірқатар бағытта ынтымақтастық орнатуға дайын екендерін айтады.
Альбер Наим, France Museums агенттігінің өкілі:
- Біздің басты міндетіміз - мамандарды даярлау мен мұражайларды музеографиядан бастап стенографияға дейінгі жаңғырту. Біз түрлі галереялардың заманауи келбетін сақтап, келушілердің үлкен ағынымен жұмыс істеуге көмектесеміз. Бұл әріптестік шетелдік қонақтарға арналған мәтіндерді бейімдеу және туристердің үлкен легін тарту бойынша тиімді стратегияларды әзірлеуді де қамтиды.
Себастьен Де Куртуа, Францияның Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі:
- Екі жыл бұрын Францияда, Азияның ұлттық өнер мұражайында Қазақстанның
тарихи мұрасына арналған ауқымды көрме үлкен қызығушылық тудырды. Бүгінде
табысты ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға ниеттіміз. Біздің серіктестігіміз қазақстандық мәдени
нысандарды әлемдік деңгейде насихаттаудан бастап, түрлі тақырыптық көрмелер
ұйымдастыру және екі елдің мамандары арасында үздіксіз тәжірибе алмасуға дейінгі
бірден бірнеше бағытты қамтиды.

