Алматыда тараптар Қазақстан мен одақ арасындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумды жүзеге асыру бойынша Жол картасын бекітті. Атап айтқанда іске асырылатын жобалар қатарында шикізат, аккумуляторлық батареялар және жаңартылатын сутектің тұрақты құн тізбектері бар.
Еске сала кетейік, меморандумға өткен жылы БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі «COP-27» конференциясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйен қол қойды. Сонымен қатар Қазақстанда 9 млн еуро сомасына жобаларды іске асыруды көздейтін «ҚР-ЕО ынтымақтастық құралы» қаржылық келісіміне қол қойылды.