Қазақстан Грузияға экспорт көлемін арттырды

Қазақстан Грузияға экспорт көлемін арттырды

Биыл Қазақстан Грузияға құны жарты миллион доллардан асатын 300 тоннадан астам күнбағыс майын экспорттады. Сонымен қатар отандық кәсіпкерлер тыңайтқыштар, бидай және дәмдеуіштердің жеткізу көлемін арттырды. Айта кетейік, 2022 жылдың мамыр айында еліміздің үкіметаралық делегациясының Тбилисиге сапары барысында тараптар Грузияға қазақстандық азық-түлік өнімдерін жеткізу туралы келісімге келген.

Гогита Тодрадзе, Грузия ұлттық статистикалық қызметінің атқарушы директоры:

2022 жылдың 9 айындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстаннан Грузияға импорт көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75%-ке өсіп, 24 млн доллардан асты.

Георгий Джахуташвили, Қазақстан Республикасының Грузиядағы құрметті консулы:

Біз қазақстандық экспорттық өнімдердің барлық перспективті бағыттарын терең зерттеп жатырмыз. Қазақстандық компаниялар өз өнімдерін Грузия елін Батыс нарықтарына, Шығыс нарықтарына экспорттайтын орын ретінде көруі керек. Көріп отырғанымыздай, Грузия Қазақстан үшін нарықтан гөрі логистикалық мүмкіндік береді.

Осылайша, Қазақстанда дәстүрлі түрде сатып алынатын тауарлар Грузия нарығында сұранысқа ие. Дегенмен, бұл елдің мамандары сонымен қатар Еуропамен еркін сауда келісімі бар Грузия арқылы қазақстандық өнімдердің кең нарықтарға шығуы үшін логистикалық байланысты нығайтуды және кеңейтуді ұсынып отыр.