Жүк тасымалын оңтайландыратын жоба жасалды

Жүк тасымалын оңтайландыратын жоба жасалды

Темір жол арқылы жүк тасымалын жоспарлау уақытын үш есеге қысқартуға болады. Қазақстандық өнертапқыштар осындай мүмкіндік беретін жаңа жүйе ойлап тапты. Жасанды интеллект негізінде құрылған тырнақалды бастама  логистикалық үрдістерді оңтайландыруға бағытталған. Яғни, математикалық бағдарлау алгоритмдері арқылы вагондарды тарату ісін автоматтандырып, адами факторды  азайтады. ІТ инновациялық шешім жүк тасымалын біршама жеделдетумен қатар экономикалық тұрғыда да тиімді болмақ. Вагондардың тұралап қалмауын қадағалайды. «MultiCode» жүйесі қазір жеке логистикалық компания жұмысына ендірілген. Алдағы уақытта отандық өнертабысты ел аумағынан тыс салалық компанияларға да ұсыну жоспарланған.

Әнуар Сәрсембинов, жоба авторы:

– Біз нарық пен қолданыста бар технологияларды толық зерттеп шықтық. Нәтижесінде қысқа уақыт ішінде есептеу жүргізе алатын түріне тоқталдық. Оны жетілдіре түстік. Мәселен, ең алғашқы үлгілері бір айлық жоспарды 5-6 сағатта құрса, соңғы нұсқасы 2-3 минутта жасап шығатын болды. Жобаның ауқымын кеңейту көзделген. Егер бірінші мультимодальді компанияға ендірген қанатқақты бастама сәтті болса, темір жол саласындағы басқада кәсіпорындарға сататын боламыз. Нарық үлкен. Тек ТМД елдері аумағында ғана бір жарым миллионнан астам вагон қатынап жүр.

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов